Өскемен ПБ ғимаратының алдында ұйықтап жатқан жігіттің кім екені белгілі болды
Одан бөлек, тәртіп сақшыларының да ғимарат жанында ұйықтап жатқан азаматқа неге шара қолданбағаны да белгілі болды
Бейнетаспаға түсіп қалған азамат 28 жаста екен. Оны тәртіп сақшылары 3 наурыз күні Полиция бөлімшесіне әкелген. Сол күні ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған. Алайда қолына құжаты бар, нақты айғақтар табылмаған соң, тәртіп сақшылары оны босатып жіберген.
Бірақ азамат үйіне барудың орнына тура ғимараттың алдына жайғасып ұйқыға кеткен. Ал сәтті өскемендік тұрғын телефонға бейнакамераға түсіріп алған.
- Ал полиция қызметкерлері оны қоғамдық жерден қуып жіберуге не алып кетуге құқығы жоқ. Өйткені қылмысқа қатысы жоқ, - дейді ШҚО ПБ баспасөз қызметі.
Одан бөлек, бұл азаматтың "істеген ісі" де көп болып шықты. Былтыр ғана бір жылдың ішінде ол 43 рет ұсталып, бөлімшеге әкелінген. Қаланың полицейлері оны бір адамдай танып алған. Қанша әрекет етсе, оны "адам қылу" мүмкін болмаған.
- Қанша шара қолданылғанымен, азамат әлеумет қатарына қосылуға ниет танытпаған, - дейді ШҚО ПБ.
Ал бұл жерде тәртіп сақшыларының қолынан келер қайыр жоқ.