Венесуэла полициясы колумбиялық ылаңшыларды тұтқындады
Венесуэланың қауіпсіздік қызметкерлері шекарадағы қақтығысты ұйымдастырған Колумбия азаматтарын тұтқындады
Венесуэла полициясы хабарлағандай, тұтқындар түсінік беріп жатыр, деп жазды Новости РАА сайты.
- Біз ылаң шығарған бірнеше азаматты қолға түсірдік. Оларды тұтқындаған уақытта қолдарында қару болған және венесуэлалық әскерилерге қарсы қолданып, оқ жаудырды, - деп мәлімдеді полиция.
Полиция тұтықндардан Симон Боливар көпірі астында қару көмілгенін анықтады.
23 ақпанда Венесуэла оппозициясы елге гуманитарлық көмек кіргізбек болған. Ал Мадура үкіметі бұл әрекеттің азғындық екенін атап өтті.