Қытай Венесуэладағы жағдайды шешуге көмектесуге әзір екенін мәлімдеді
Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хуа Чуньин Қытайдың Венесуэладағы дағдарыстың бейбіт жолмен реттелуіне сындарлы үлес қосуға дайын екендігін мәлімдеді
Ресеймен қатар, Қытай Венесуэладағы жағдайды шешу үшін халықаралық топ құруға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
Дегенмен, мұндай топ құру ниетін жариялаған Еуропалық Одақ бұл ұсынысқа түсінік бермеді.
- Біз халықаралық қоғамдастықтың үкімет пен халық арасындағы үнқатысуды орнатуға, сондай-ақ елдің конституциясы шеңберінде бейбіт шешім табуға күш-жігерлерін қолдаймыз. Қытай Венесуэла мәселесін бейбіт жолмен шешудегі конструктивті рөлін жалғастырады, - деді Хуа Чуньин журналистерге арналған брифингте.