Мадуро Венесуэлада мерзімінен бұрын сайлау өткізуден бас тартты
Еуропа елдері Венесуэла президентіне елде президент сайлауын өткізу туралы талап қойды
Венесуэла президенті Николас Мадуро Еуропаның бірнеше елінің "мерзімінен бұрын сайлау өткіз" деген ульитиматумын орындаудан бас тартты.
Сонымен бірге, ол елдегі саяси дағдарыстың азаматтық соғысқа ұласып кетуі мүмкін екенін ескертті. Айта кетсек, өткен аптада Испания, Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Португалия, Австрия үкіметтері Мадуро сегіз күннің ішінде сайлау датасын анықтамаса, оппозиция лидері Хуан Гуайдоның билігін мойындайтынын мәлімдеді. Осыған дейін Гуайдоны Латын Америкасы елдерінің басым бөлігі, АҚШ, Канада Венесуэланың уақытша басшысы деп таныды. Ал, Мадуроны Қытай, Ресей, Иран, Түркия, Куба қолдап отыр.