Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Браконьерлердің қолынан қаза тапқан қорықшы марапатталды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан "Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевті орденмен марапаттады

Ерлан Нұрғалиев 13 қаңтарда сирек кездесетін және құрып кету қаупi бар ақбөкендерді қорғау барысында браконьерлердің қолынан ауыр жарақат алып, қаза тапқан болатын, деп хабарлайды ktk.kz. Қызметтік парызын өтеу барысында батылдығы мен қайсарлығы үшін марқұм Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкқа ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені беріліп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданында браконьерлер "Охотзоопром" кәсіпорнының екі инспекторына оқ жаудырған болатын.

Тарқатып жазсақ, 2019 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды облысының Нұра ауданына рейд жасауға шығып, атылған 5 киікnі тауып алған. Сондай-ақ оқиға барысында нөмірлері тіркелмеген екі көлікті көрген. Белгілі болғандай, Көлікті қарап жатқан қызметкерлерге үш браконьер шабуыл жасайды. Соның салдарынан бір инспектордың жағы сынып, ал екінші инспектор бас-сүйек жарақатын алып, біршама уақыт ауруханада ес-түссіз жатқан. Оқиға салдарынан Ерлан Нұрғалиев жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

18 қаңтар күні браконьерлер қолынан қаза тапқан табиғат сақшысы Ерлан Нұрғалиевтің отбасына ауылшаруашылығы министрлігінің барлық қызметкері бір күндік жалақысын берді.


Следующая →