АҚШ-тағы ресейлік БАҚ-ты айыптады
АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментінің бұрынғы басшысының айтуынша, ресейлік БАҚ шындықты айтқаны үшін кінәлі
Сюзанн Споулдинг ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарын шындықты айтқаны үшін, американдықтарды жақсы етіп емес, оларды әлсіретуге бағыттағаны үшін айыптады, деп хабарлайды РАА Жаңалықтар сайты.
- Халықты ақпараттандыру қажет. Менің ойымша, жоғары лауазымды адамдар қарсыластарымыздың ақпараттық соғысын,IT құралдарының көмегімен бізді әлсіретпек екендіктерін түсіндіру керек. Кейде олар тіпті ештеңе ойлап шығармайды, тек шынайы ақпаратты пайдаланып, бір жақты хабарлайды, - дейді ол.
Оның пікірінше, американдық теледидардағы ресейлік бағдарламаларда АҚШ-тағы қоғамның әлсіз жақтарын береді. Алайда бұл шындық мәселені шешу немесе қоғамның проблемаларын шешуге үшін жасалмайды.