Облыс әкімі Қазақстандағы АҚШ елшілігінің уақытша сенімді өкілімен кездесті
Даниал Ахметов Теодор Лингке өңірдегі экономикалық дамудың жетекші бағыттары саналатын металлургия, аграрлық және энергетика секторымен таныстырды
Іссапар барасында Теодор Линг ядролық отын банкіне, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханаға, СПИД орталығына барып, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен сөйлесті.
Жұмыс сапарының соңында Теодор Лин Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен Шығыс Қазақстан облысымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Қазақстан мен АҚШ арасында стратегиялық әріптестік қалыптасқанын атап өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы кездесуі Дональд Трамппен кездесуі соның бір рет дәлелі.
Теодор Линг қысқа уақыт ішінде Өскеменді жақсы көріп қалғанын, тіпті ,кәдесый ретінде "Торпедо" хоккей командасына киімін сатып алғанын айтты.