Сирия мен Түркия шекарасына АҚШ-тың бақылау нүктелері қойылады
АҚШ күрттерге қару жеткізу бойынша айып тағылғаннан кейін шекараға бақылау нүктелерін қою туралы шешімге келген
АҚШ Сирия мен Түркия арасындағы шекараға бірнеше бақылау нүктелерін қояды. "Ұлттық өзін-өзі қорғау күші" күрттер жасағының Сирияда орналасқанына Түркияның танытқан алаңдаушылығына Штаттар осылай жауап берді. Түркияда бұл ұйым террористік болып табылады.
АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттистің айтуынша, бақылау нүктелерін орнату үшін қосымша әскери күш тартудың қажеті жоқ. Бұндай нүктелердің басты мақсаты – Түркия мен күрттер арасындағы қақтығыстың алдын алу.