16 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына іліккен саясат, экономика және басқа да салалар бойынша басты оқиғалар легін дайындады
Тереза Мэй: енді референдум болмайды
Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы бойынша екінші референдумы болмайтындығын елдің премьер-министрі Тереза Мэй мәлімдеді, деп хабарлайды "МИР24" телеарнасының сайты.
- Парламент мүшелері адамдарға өз көзқарастарын жеткізуге мүмкіндік ұсынғандарын түсінеді. Адамдар өз дауыстарын берді. Енді біз олардың қалауын орындауымыз керек. Референдум қайта болмайды, - деді ол.
Мэйдің айтуынша, Brexit-тің арқасында елдің болашағы жарқын болмақ. Одан өзге ол 2016 жылы қабылданған шешім заңнамалық салада жақсы көрініс табатынын мәлімдеді. Өйткені Ұлыбритания Еуропалық соттан азаттық алады.
Прагада жаппай демонстрация өтті
Прага орталығында мыңдаған адам жиналып, ұлымен болған даудан кейін премьер-министр Андрей Бабиштің қызметтен кетуін талап етті. Бұл туралы Корреспондент.net.
Халық қолдарына түрлі ұрандар жазылған плакаттар ұстаған. Тіпті, бір плакатта кіші Бабишты есі ауысқан деп танып, сол үшін оны ЕО қаржынысына қатысты заңсыз әрекеттері бойынша сотқа тарту мүмкін емес екенін айтқан Дита Протопопованың суретін де орналастырған.
Пентагон АҚШ-тың Африкадағы әскерін қысқартады
Африкадағы АҚШ Қорғаныс министрлігінің әскерлері 10%-ға дейін қысқартылады, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
Бірақ континенттегі әскери бағдарламалар сақталады. Негізінен Сомали, Джибути мен Ливиядағы контингент қысқартылмайды.
Чехияда велосипед жүргізушілеріне ішімдік ішуге рұқсат етілді
Енді екі дөңгелекті көлік жүргізушілері бір литрге дейін сыра немесе бір бокал шарап ішсе де, айыппұл салынбайды.
Чехияның жоғарғы палатасы жол-көлік қозғалысы туралы заңға түзетулер енгізді. Ол түзетулер бойынша, веложүргізушілерге белгілі бір мөлшерде ішімдік ішуге рұқсат етілді, деп хабарлайды life.ru сайты.
- Веоржүргізуші арнайы веложолақта немесе үшінші деңгейлі тас жолда жүрсе де, қанында 0,5 промилле алкогольдік зат болуына рұқсат, - делінген хабарламада.
Сенаторлар бұл заңды бұзуға қатысты айыппұлды 40 есеге төмендетуді ұсынды – 20 мың кроннан 500-ге дейін (20 евро).