Бразилияның жаңа президенті азаматтардың қару ұстауын қолдайды
Бразилияның таңдаулы президенті Жаир Болсонару азаматтардың қару ұстауына ырық беруді өзінің басты міндеттерінің бірі санайды
Болсонару қолданыстағы қару туралы заңға өзгеріс енгізбек, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
- Саяси сыпайылықтан бас тартып, қорғану керек. Атыс қаруы халықтың бостандығына кепілдік береді. Бразилия қазір соғыстың алдында тұр, - деп мәлімдеді Болсонару.
Жаңа президенттің ойынша, халыққа қару ұстауға рұқсат беру – автокөлік айдауға рұқсат берумен пара-пар.