Ақтөбе тұрғындарын заттарды ойша көтеруге үйретеді
"Алатау" ТРК-да соңғы күндері "Робополис" (0+) отбасылық көрмесі жұмыс істеп тұр
Онда АҚШ, Канада, Жапония, Ресей, Оңтүстік Корея, Ұлыбританы сынды елдердің қызықты роботтары көрмеге қойылған. Жасанды зерде және виртуалды шындық айналасындағы жаңа туындылар роботтар түрінде ел назарына ұсынылады. Сүйкімді роботтар балаларды да, ересектерді де сүйсіндірмей қоймайды.
Қонақтардың алдынан әзілге жақын Нурик шығып қарсы алса, робобикеш Мадина да таңқалдырады. R-bot Берік те адамдармен сөйлескенді жақсы көреді.
Көрмеде тек роботтотехниканың соңғы үлгілері емес, сонымен қатар ерекше нейроинтерфейстер де бар. Олар адамның көңіл-күйіне қарай бейімделеді де соның көмегімен заттарды орнынан қозғалтады.
Бұнда кез келген жастағы келуші өз қызығушылығын таба алдады. Балалар 3D-қаламмен сурет салып, өзінің роботын жасауы үшін арнайы шеберлік аймағы қарастырылған. Балаларды роботтармен достасып, ойнауға үйретсе, мектеп оқушылары үшін робототехниканың қыр-сырын айтып, өз қолдарымен күрделі механизмдерді жасау жолдары түсіндіріледі. Жасөспірімдер мен ересектерге виртуалды және аралас шындық әлеміне ену қызық болар.
Көрме 21 қазанға дейін ғана өтеді. 4 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін. Өзге көрермендер үшін жеңілдіктер қарастырылған.