Сауд Арабиясы АҚШ-қа төлемақы төлеуден бас тартып отыр
Саудияның ханзадасы Мұхаммед бен Салман Әл Сауд Вашингтонға қауіпсіздік қамтамасыз еткені үшін төлемақы төлегісі келмейтіндігін мәлімдеді
Бұған дейін америка басшысы Трамп Сауд Арабиясы АҚШ-сыз екі апта да өмір сүре алмайтынын айтып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі үшін төлемақы талап еткен.
- Біз төлемақы төлеуден бас тартамыз. АҚШ-тан келген қару-жарақтың барлығын біз сатып алдық, олар тегін келген жоқ, - деп жазады ханзаданың сөзін Bloomberg.