Өскеменде кафе алдында кішкентай қызды көлік қағып кетті
Кішкентай қыз аман қалды, бірақ жарақат алды. Ал куәгерлер оқиғадан үрейленіп қалды
Бүгін кешке Қазақстан көшесі бойындағы "Пицца блюз" кафесінің алдында екі-үші жасар қызды көлік қағып кетті. Куәгерлердің айтуынша, кішкентай қыз әкесінің қолынан ұстап бара жатқан. Жолға шығып бара жатып, алға қарай жүгіріп кеткен көрінеді.
- Сол сәтте көлік те тоқтап үлгермей, қызды қағып үлгерді. Байғұс қыз, айғайлап жіберді! – дейді куәгерлер.
Следующая →