Борис Джонсон ЕуроОдақтан шығуды кері шегере тұруға кеңес берді
Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер минстрі Борис Джонсон премьер-министрлің орнында болса, ЕО-тан шығу жоспарын жарты жылға кері шегеретінін айтады
Борыс Джонсон Брюссельмен келісімге келу үшін Ұлыбританияға біраз уақыт керек екендігін айтады, сондықтан ЕуроОдақтан шығу жоспарын жарты жылға кері жылжыта тұруға болады, деп хабарлайды Новости РАА.
Одан бөлек, Борис Джонсон салық көлемін төмендетуді ұсынып отыр.
- Салықты төмендету арқылы инвесторларға қаржы құюға мүмкіндік беру керек, - дейді Борис Джонсон.
Қазір Британияда ЕуроОдақтан шығу жөнінде дау-жанжал көбейіп, саяси дағдарыс орнауда. Соған байланысты қазіргі премьер-министр Тереза Мэй отставкаға кетуі мүмкін.