АҚШ Ресейдің ядролық қатерін бағалады
АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис мемлекеттің қауіпсіздігіне, әсіресе Ресейдің ядролық қаруына назар аударатын негізгі қауіптерді атады
Пентагон басшысы Джеймс Мэттистің айтуынша, АҚШ ресейлік ядролық қару қаупін бұған дейін бағаламаған.
- Егер сыртқы қауіп-қатерлерге назар аударатын болсақ, Ресейден келетін ядролық қатер басым, ал Қытайдан, Солтүстік Кореядан келетін қатер аз, - деді министр.
Ядролық қатерге байланысты Мэттис елдерді халықаралық қақтығыстардан аулақ болуға шақырды. Ол ядролық соғыс кезінде жеңімпаздардың болмайтынын айтады.