ШҚО тумасы ҚР Президентінің көмекшісі атанды
ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне мемлекет басшысының қаулысымен Тимур Жақсылықов тағайындалды
Тимур Жақсылықов ШҚО Глубокое ауданындағы Белоусовка кентінде 1968 жылы дүниеге келген.
1993 жылы М. Ломоносов атындағы ММУ тарихшы мамандығы бойынша, 1997 жылы Страсбург саяси зерттеулер институтының (Франция) магистратурасын еуропалық зерттеулер саласындағы магистр мамандығы бойынша; 2003 жылы Қазақ экономика және қаржы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының атқарушы директоры ретінде бастаған.
Түрлі жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Талдау орталығының сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Жүйелі зерттеулер орталығы басшысының орынбасары, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі департаментінің директоры, Женевадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері жөніндегі өкілдер тобының басшысы, "Маркетингтік-сараптамалық зерттеулер орталығы" АҚ басқарушы директоры, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің "Экономикалық зерттеулер институты" РМК директоры м.а., "Астананы тұрақты дамыту орталығы" ЖШС директоры қызметтерін атқарған.