Қазақстанда қару сататын дүкендердің үштен бірі жабылды
Терорризммен күрес заңына енгізілген жаңа түзетулерге байланысты атыс қаруын сату және сақтау ережелеріне өзгерістер енгізілді
Жаңа ереже бойынша қару сататын дүкендер тұрғын үйлерде орналаспауы керек, деп мәлімдеді Zakon.kz сайты.
Жаңа ережелер қабылданбай тұрып елде 103 қару сататын дүкен бар болатын. Қазіргі таңда сарапшылардың санағына сүйенсек, бұның 35%-ы жабылып немесе қару сату жұмысын тоқтатты. Дүкен иелері қарулардың жартысын тауар жеткізушілерге, жартысын құқық қорғау органдарына уақытша сақтауға өткізіп қойған.
Сонымен қатар, жаңа түзетулерге сай бір адамға тәркеуге рұқсат етілген қару санына да шектеу қойылды. Егер бұрынғы лимит 10 бірлік қару тіркеуге рұқсат етілсе, қазір Қазақстанда бір адамның атына тек 4 атыс қаруын тіркеуге болады – 2 тегіс ұңғылы қару және 2 иір ойықты қару.