Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-дағы жас кәсіпкерлер тегін оқытылады

3 қазан мен 12 желтоқсан аралығында өз кәсібін бастағысы келетін жас кәсіпкерлер үшін тегін оқыту курстары жүргізілмек

"АВАНГАРД ПЛЮС" жас кәсіпкерлер мектебі, "Авангард-инфо" ақпараттық-консалтингтік компаниясының және ШҚО бойынша "Атамекен" ҰКК Аймақтық іскер әйелдер кеңесінің тренингтері "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының қолдауымен ұйымдастырылады.

Жас кәсіпкерлер бизнес идеяларын таңдап, кәсіпкер психологиясының негізін меңгереді. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, өз ісіңді ашу мен жүргізудегі салықтық міндеттемелер, заңды аспектілер бойынша лекциялар тыңдайды. Оларға білікті мамандар мемлекеттік сатып алу байқауларының шарттары, еңбек заңнамасындағы міндеттемелері мен банктік қызмет жүйесі жайлы түсіндіреді. Сонымен қатар, жастарға нарықта өз бизнесін қалай дамытуға болатындығы жайлы құнды кеңестерге де қанық болады.

Тегін білім алуға ниеттілерді 3 қазан күні Жас техниктер стансасының акт залында күтеді. Мекенжайы: Әуезов даңғылы, 5. Сабақтар әр сәрсенбі сайын 16.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.



Следующая →