Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +13°
$
526.79
+1.85
606.34
+3.55
¥
73.97
+0.31
6.51
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Мемлекеттік сатып алу жүйесінде алаяқтықтың тағы бір түрі табылды

Мемлекеттік сатып алу барысындағы алаяқтық қулық анықталды

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабирбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

- Мемлекеттік сатып алулар барысында бәсекелестікті айтарлықтай шектейтін жемқорлық тәуекелдердің бірі хабарландырудағы мәтінді кириллицадан латынға ауыстыру болып отыр. Мұндай қулық хабарландыруды әлеуетті жеткізушіден жасырып, аффилирленген компаниялар үшін басымдық жасауға мүмкіндік береді, - деді ол.

Оның айтуынша, агенттік бөлімшесі мемлекеттік органдардың аталған сызбаның қолданылуына қатысты мониторинг жүргізген.

- Нәтижесінде 2017 жылдың ішінде мұндай 400-ден астам факті анықталды. Аталған мәселе төңірегінде қоғамдық резонанс тудыру бәсекеге шектеу қоюға жол бермеу үшін лайықты тетік болады деп ойлаймыз, - деді департамент басшысы.

Данияр Сабирбаевтың сөзіне қарағанда, мұндай қулыққа барған мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тәртіптің жауапкершілігі облыстардың әдеп кеңесінде және агенттіктің әдеп жөніндегі комиссиясында қаралатын болады.

Следующая →