Ким Чен Ынның көпшілік алдына шықпағанына 15 күн болды
КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның көпшілік алдына шықпағанына 15 күн болды, деп сейсенбі күні оңтүстіккореялық Уай-Ти-Эн телеарнасы хабарлады
Жуықта солтүстіккореялық БАҚ Ким Чен Ын 30-ға жуық экономикалық нысанды аралап, тексергенін хабарлаған болатын.
Уай-Ти-Эн пайымдауынша, КХДР баспасөзінің мемлекет басшысы қызметі жайлы баяндамағанына 15 күн болған. КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын соңғы рет 21 тамыз күні медициналық жабдық шығаратын кәсіпорында болған және Солтүстік Корея қарулы күштерінің экс-министрі Ким Ен Чхунды жерлеу рәсіміне қатысқан.