АҚШ Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелігінен шығуы мүмкін
АҚШ Президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығуы мүмкін екендігін мәлімдеді
Трамптың сөзіне қарағанда, АҚШ Дүниежүзілік сауда ұйымынан түк те пайда тауып отырған жоқ, деп хабарлайды Новости АА.
Қазір Президент әкімшілігі Конгреске дүниежүзілік ұйымның талаптарын орындаудан бас тартатын заң жобасын жасап жатыр. Бұл құжат қабылданатын болса, онда АҚШ аталған ұйымнан шығатын болады.
Трамп сауда ұйымына қатысты заң жобасын Еурокомиссиямен бірге талқылап жатыр.