Ольга Рыпакова Азиаданың алтынын алды
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Азия ойындарының алтын жүлдесіне қол жеткізді
Оған жеңіске жету үшін небары бір ғана мүмкіндік жеткілікті еді. Ол екінші мүмкіндігінде 14 метрден асқан болатын, деп хабарлайды ҚР Олимпиада комитеті.
Қарсыластарының барлығы да бұл межеге жетпеген соң, Рыпаковаға тағы да секірудің қажеті болмаушы еді.
Алайда, барлық мүмкіндігін пайдаланып, 14.26 метрге секірген Рыпакова өзінің нәтижесін жақсартып қана қоймай, Азиада алтынын жеңіп алды.
Күміс жүлдені 13.93 нәтижесін көрсеткен Таиланд және Вьетнам спортшылары өзара бөлісті.
Ольга Рыпакова төртінші рет Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұған дейін 2006, 2010, 2014 жылдары да алтын жүлдеге қол жеткізген болатын.