Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

29 тамызға арналған әлем жаңалықтарының таңертеңгі легі

Устинка Live жаңалықтар порталы саясат, экономика және өзге де БАҚ назарына ілінген өткен түндегі маңызды оқиғаларға шолу жасады

Мигранттардың этникалық немісті өлтіруі Германияда тәртіпсіздіктер туғызды

Корреспондент.net хабарлауынша, көшеде сол және оң радикалдар пайда болған. Олар полицияға қарсы демонстрациялар мен қақтығыстар ұйымдастырды.

Шығыс Германияның Хемниц қаласындағы Карл-Маркс штатында сенбіден жексенбіге қараған түні 35 жастағы Германия азаматы Даниэль Хиллиг өлтірілді. Ол ағаш ұстасы болып жұмыс істеген, үйленген және ұлын тәрбиелеп отырған.

Кейінірек, полиция екі күдіктіні - 22 жастағы Ирак босқыны және 23 жастағы сириялықты қамауға алды. Олар 26 тамыз күні түнде жергілікті тұрғынды бірнеше жерден жаралағаны үшін айыпталуда. Алған жарақаттардан тұрғын қайтыс болды.


Трамп әлеуметтік желілерді айыптады

Американдық көшбасшы Google, Twitter және Facebook басқарушыларына сілтеме жасай отырып, бұл компаниялар көптеген адамдарға жиі әділетсіздік танытатындығына шағымданған, деп хабарлайды life.ru.

АҚШ президенті ФИФА басшысы Джанни Инфантиномен кездесуден кейін  Ақ үйдегі журналистерге Google, Twitter және Facebook қазір "өте проблемалы позицияларда және олар абай болу керек" деп айтқан.

Роналду футбол клубын сатып алмақ

Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Роналду "Вальядолид" командасын иемденбек, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Cadena Ser-дің мәліметі бойынша, мәміле 30 миллион еуроға бағалануда.

Сонымен бірге клубтың 25 миллион доллар қарызы бар.

Самарада анестезиолог қызды зорлаған

Бұл дау-дамай тамыз айының басында шықты. Жергілікті тұрғын Пластикалық хирургияны жүзеге асыратын жеке клиникалардың біріне жүгінген, деп хабарлайды РИА ФАН. Операция екінші күніге жоспарланған.

Экс-дәрігер хирургиялық жұмысын ғана бітірмеген, сонымен қатар операциядан кейін бөлмесінде ессіз жатқан әйелді зорлаған.

Қыз қылмыстық іс қозғайтын құқық қорғау органдарына жүгінді. Тергеу бірнеше аптаға созылып, сот отырысы болды.

Сонымен қатар, медициналық мекеменің бұрынғы қызметкері жыныстық акт қызбен өзара келісу арқылы және анестезиядан кейін болғанын мәлімдейді.

Қытайда әйел кездейсоқ тұрмысқа шықты

Бойжеткен хабарландыру арқылы жақсы жалақы беретін, жұмыс тәжірибесін қажет етпейтін жұмыс жарнамасын тапқан, деп хабарлайды "Мир 24".

Қыз көрсетілген мекенжайға жүгінген кезде ондағылар бойжеткенді үйлену тойларын ұйымдастырушылардың тегін курстарына жазылуға көндірген. Оқу аяқталған соң, Қытайдағы Фучжоу қаласындағы соңғы емтихан кезінде қалыңдықтың рөліне еніп, күйеу жігіттің рөлін сомдаған адаммен құжатқа қол қоюы талап етіледі. Ұйымдастырушылар емтиханнан кейін неке бірден жоққа шығарылатындығын уәде еткен. ібірақ ол Гонконгтағы үйіне қайтып келгенде уәденің орындалмағанын білген.

Бойжеткен алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Бірақ полиция оның шағымдарына жауап бермеді. Осы жағдайды тергеу үшін Гонконг кәсіподақтар федерациясының адвокаттары келді. Олар осындай оқиғадан басқа қыздардың да зардап шегуі мүмкін екендігін айтады. Тіпті, кейбіреулері ресми түрде некеде болғандарын білмей қалулары да мүмкін.


Следующая →