Германия АҚШ-қа қатысты өзінің стратегиясын өзгертті
Германия Сыртқы істер министрлігі АҚШ-қа қатысты жаңа сыртқы саясат тұжырымдамасын енгізе бастады
АҚШ-тағы Германия жылының аясында сыртқы саясаттың жаңа стратегиясы жүзеге асырылады. Ол екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың жаңа принциптерін көздейді.
- Трансатлантикалық әріптестікті қайта бағалауға, оған сыни көзқараспен қарайтын уақыт келді, - деді Германияның сыртқы істер министрі.
Дегенмен, қазіргі қарым-қатынастардың қайта бағалануы американдық әріптестердің мүдделерін ескере отырып, екі жақты тәртіпте жүргізілетін болады. Жаңа стратегияны білдіретін негізгі ұстанымдардың бірі Еуропалық Одақ институттарын, ЕО-ның өз қауіпсіздігі және олардың саяси автономиясын нығайту.