ЕО Грекияға қаржылық көмек беру бағдарламасын аяқтады
Тамыз айында Грекияға Еуроодақтан 15 миллиард еуро көлемінде соңғы транш жіберілген болатын, себебі елде дағдарыс сейілді деп саналған
Грекияда 2009 жылы басталған экономикалық дағдарыс Еуроаймақ елдерімен уағдаласқан макроэкономикалық көмек аясында сәтті еңсерілді. 15 миллиард еуро көлеміндегі транш Еуроодақтың қаржылық көмек бағдарламасы аясындағы соңғы аударым болды.
Грекияда салықтан жаппай жалтару салдарынан бюджет тапшылығы орын алып, дағдарыс туындаған. Грекия қатаң үнемдеуден кейін дағдарыстың негізгі себептерін жеңе білді.
Қазір Грекияда экономиканың өсуі байқалады.