Қазақстандық спортшы Азиаданың алғашқы алтынын жеңіп алды
Семсерлесуші Дмитрий Алексанин Азиададағы өзінің жеңісін Денис Тенге арнады
Қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин жарыстың финалында олимпиада чемпионы, оңтүстіккореялық Пак Сан Енды жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Қазақстандық спортшы қарсыласының мықтылығына қарамастан, үш кезеңде де лайықты деңгейде ойын көрсетті. Нәтижесінде, жарыстың ақтық сынында 15:12 есеп айырмасымен Дмитрий Алексанин жеңіске жетті.
- Жан сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес. Жартылай финалда және ақтық сында Олимпиаданың қола жүлдегері мен Олимпиада ойындарының қазіргі чемпионы қарсыласым болды. Бәрі жақсы болды! - деп Алексанин жеңісіне өзінің пікірін білдірді.
Осы орайда естеріңізге түсіре кетсек,Индонезияда өтіп жатқан жазғы Азиада ойындарында 400-ден астам қазақстандық спортшы өздерінің бақтарын сынауда.