Қытай Сирияға әскерін кіргізуді жоспарламайды
Қытай үкіметінің өкілінің айтуынша, БАҚ-тың Сирияға Қытай әскерін кіргізуі туралы мәлімдемелері "өсек-аяң" болып табылады
Сириядағы Қытай елшілігінің сөзіне сілтеме жасаған Сирия ақпарат құралдары айдың басында Қытай әскерлерінің Сирия армиясымен бірге террористерге қарсы күреске қатысуға дайын екендігі туралы хабарлаған, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
Сирия бойынша Қытай үкіметінің арнайы өкілі Се Сяоянь бұл баяндамаларды жоққа шығарды.
- Жақында бұқаралық ақпарат құралдары Қытайдың Сириядағы қақтығыстарға қатысуға дайындалып жатқанын болжады. Бұл - Қытай саясатының бұрмалануы. Кейіннен тиісті материалды жариялаған араб БАҚ Қытайдың Сирияға әскери қатысы жоғын түсіндірді. Қытай қақтығысты тек қана бейбіт жолмен реттеуді батыл қолдайды, - дейді дипломат.