Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

"7-20-25" бағдарламасын пайдаланған жалған жарнамалардан сақтануға шақырды

Ғаламтор мен әлеуметтік желілерде құрылыс компаниялары мен тұрғын үй кооперативтерінің "7-20-25" бағдарламасының атын жамылған қитұрқы ақпараттары көбейіп барады

0-20-25, 5-19-25, 5-10-25 сынды түрлі акциялар пайда болды. Алайда олардың шарттары "7-20-25" бағдарламасының шарттарына мүлдем сәйкес келмейді. Олардың "7-20-25" бағдарламасына еш қатысы жоқ. "Баспана" Ипотекалық ұйымы, кейін түрлі түсініспеушіліктер туындамау үшін, халықты мұндай акциялар мен жарнамаға өте сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.

Мысалы, 25 - жылына берілетін несие емес, 25 айға ғана созылған несие болу мүмкін. Сонымен қатар, кей кездері мұндай акцияларда 20 саны алғашқы жарна емес, несие бойынша үстеме мөлшерлемесі болып шығады.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық несиені тек қана бағдарламаның серіктес-банктері бере алатынын еске саламыз. Қазіргі таңда, олар: Центркредит банкі, АТФБанк, Цеснабанк, Bank RBK мен Евразиялық банк. Ал құрылыс компаниясы немесе тұрғын үй кооперативтері еш уақытта "7-20-25" бағдарламасымен несие бере алмайды. Сонымен бірге, құрылыс компаниясы ұсынған бөліп төлеу "7-20-25" бағдарламасы болып табылмайды.

- Бүгінгі таңда "7-20-25" бағдарламасының шарттары нарықтағы ең тиімді ұсыныс болып отыр. Тиісінше, осы нарықтағы түрлі компаниялар президенттік бағдарламаның атын жамылып, өз өнімдерін өткізуге ұмтылатындары да байқалады. Біз нарықтың дамуын қолдаймыз, алайда олай халықты алдауға түбегейлі қарсымыз, - деді, "Баспана" Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.


Следующая →