Израиль үкіметі Газа Секторымен шектес шекарасын жауып тастады
Израиль үкіметі Газа секторымен шектес жалғыз өткізу пунктін жауып тастады
Өткізу пункті бүгін, 19 тамыз күні, жабылды. Бұл жайында Израильдің Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Өткізу пунктінен тек гуманитарлық көмек түрлерін ғана өткізуге болады. Оны да қай күнге дейін өткізетіні белгісіз.
Шекараның жабылғаны жайлы Палестинаның Газа автономиясының Азаматтық істер басқармасы да растап отыр.