Жоғалып кеткен өскемендік "табылды"
Руслан Суслов шілде айының басында Алматы қаласынан Өскеменге қайтпақ болған жолда жоғалып кеткен еді
Оңтүстік астанаға сапарлап кеткен 30 жастағы өскемендік тұрғын үйіне сол күйі қайтпады. Русланның үйден бейхабар кетіп қалатын әдеті болмаған. Сондықтан туған-туыстары уайымдай бастаған еді.
Енді, міне, Талдықорған қаласы маңынан жоғалып кеткен жігіттің өлі денесі табылып отыр.