Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

17 тамызға арналған таңертеңгі жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Вашингтонда осы жылы әскери шеру өтпейді

АҚШ-тың қорғаныс министрлігі Вашингтонда өтетін әскери шеруді 2019 жылға ауыстыру туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды life.ru.

- Біз бастапқыда аталған шараны 10 қарашада өткіземіз деп есептегенбіз, бірақ енді 2019 жылға мүмкіндіктерді қарастырмақпыз, - деп мәлімдеді Пентагонның ресми өкілі Роберт Мэннинг.

Бастапқыда жауынгерлік техника колоннасы Ақ үйден Капитолийский белесіне дейін жүріп өтеді, ал АҚШ президенті Дональд Трамп ардагерлермен бірге шараны конгресс ғимаратынан бақылайтын болады деп болжанған болатын.


Ресей елшілігі АҚШ-ты Бутинаға психологиялық қысым көрсетті деп айыптауда

АҚШ-тағы РФ елшілігінің қызметкерлері АҚШ-та ұсталған ресейлік Мария Бутинаны көріп қайтқан. Дипломаттар оның қамаудағы ұсталу жағдайын қолайсыз деп атаған. Мемлекеттік департаментке "психологиялық қысым мен қорлауды" тоқтату туралы талаптарды қамтитын наразылық бағытталатын болады, деп хабарлайды РОСБАЛТ. 

Елшілікте хабарланғандай, түзеу мекемесінің әкімшілігі әрбір ширек сағат сайын түнгі тексеру тәжірибесін қайта жандандырған.

- Мұндай режім суицидке бейім тұтқындарға қолданылады, - делінген жарияланған хабарламада.

РФ азаматшасы орыс тілінде хаттарды алмайды. Өйткені американдықтардың пікірінше, аталған хаттар "кодталған хабарлар". Сонымен қатар ресейлік дипломаттардың пайымдауынша, Бутинаға медициналық көмек те тиісті деңгейде көрсетілмейді.

Естеріңізге сала кетсек, 29 жастағы Мария Бутина 15 шілде күні Вашингтонда тұтқындалған болатын. Ол АҚШ аумағында қажетті тіркеусіз Ресей мүдделерін қозғады деп айыпталуда. Бутинаға қатысты сот отырысы 10 қыркүйек күні өтуі тиіс.


Жапонияда жер сілкінді

6,4 магнитудалық жер сілкінісі жапондық Иводзима аралы жағалауында орын алған, деп хабарлайды Корреспондент.net.

Жер сілкінісінің ошағы Огасавара елді мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым жерде 11 километр тереңдікте орналасқан.

Алдын ала ақпарат бойынша, жер сілкінісі салдарынан орын алған қираулардан ешкім зардап шекпеген. Цунами қаупі орын алмады.


Скарлетт Йоханссон ең табысы көп актриса атанды

Америкалық актриса Скарлетт Йоханссон 2017 жылдың маусым айынан 2018 жылдың маусымына дейінгі аралықта 40,5 миллион доллар пайда тапқан, деп хабарлайды Новости РАА сайты.

"Черная Вдова" фильміндегі Мстительдер қатарындағы орыс тыңшысы рөлі Йоханссонға аса көп қаржы әкелген. Бұл жұмыс актрисаның кірісін төрт есе көтерген. 

Екінші орынды 28 миллион доллар пайда тапқан Анджелина Джоли ("Малефисента 2" иуындысы) иеленді. "Друзья" телехикаясының жұлдызы Дженнифер Энистон осы жылы 19,5 миллион доллар кірісімен (былтыр 2,5 миллион доллар пайда тауып екінші орын иеленген болатын) үшінші орынға жайғасты. Үздік бестікті Дженнифер Лоуренс пен Риз Уизерспун қорытындылайды.


Түркия iPhone сатып алуды тоқтатты

Енгізілген санкциялар мен баждар үшін Вашингтонға Анкара осылай жауап бермек, деп түркиялық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып Zakon.kz сайты хабарлайды.

Dogubank онлайн-дүкені жалпы соммасы 50 миллион долларды құрайтын қазан-қараша айларына iPhone-ға берген тапсырыстарын жойды. Бойкот басқа да электроникаға тарады, алайда аз мөлшерде.

Түркияның көп қаласындағы дүкендер сөрелерінен американдық телефондар мен басқа да құрылғылар алынып тасталды.

14 тамыз күні Эрдоган Түркия тұрғындарын америкалық тауарларды, бірінші кезекте электрониканы сатып алудан бас тартуға шақырды. Apple тауарларын қолданатындарға Samsung тауарларын пайдалануға кеңес берді. Түркия президенті шетел валютасына шет елден тауарларды сатып алмай, мемлекет неғұрлым сапалы тауарларды өндіре алатындығын мәлімдеді.

Следующая →