ЕАЭО арадағы кедергілерді жоюы керек
Қырғызстанның премьер-министрі Мұхаммедқалый Әбілғазиевтің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың басты міндеті кедергілер жойып, қиындықтардың бетін қайтару
Премьер экономикалық одақ елдері интеграциялануы үшін сауда-саттық, тауар мен қызмет, жұмыс күші мен капиталдың айналымын еркін етуі тиіс.
Экономиканы цифрландыру үшін замануи технологияларды өндіріске енгізу де одақтың басты міндеті болып табылады.
- Біз тауар айналымың еркін ету үшін, шекара ашық болуы үшін одақтас елдердің барлығы ашықтық танытады деп ойлаймыз. Кез келген шектеу шаралары елдің экономикасына зиян тигізетін, одақтас елдердің интеграциясына кері әсер ететін дүние деп білеміз, - дейді премьер.