Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Астанадағы иттерге электронды төлқұжат берілуде

Таң атысымен елордалық «Астана ветсервистің» ветеринарлары қаланың жекеменшік секторлары мен үйлерді аралап, құтырудан сақтандыратын екпені қажет ететін иттер мен мысықтарды іздестіреді

Ал ең бастысы жануарларды тіркеп, иесіне тегін төлқұжат береді. Астана әкімдігінің ресми сайтының тілшілері ветеринарлармен бірге ілесіп, жануарларға қалай электронды құжат беретінін көріп қайтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Иттерге арналған электронды құжаттың көлемі күріштің дәніндей ғана. Жыл басынан астанада иттер мен мысықтарды чиптеу бойынша пилотты жоба іске асқан болатын. «Астана ветсервис» МКК ветеринария бөлімінің басшысы Ерлан Зикибаевтың айтуынша чиптеу өте дұрыс, ол жануарларды сәйкестендіріп, есепке қою үшін қажет.

- Чиптеу – ол электронды құжат. Ол жануардың денесіне сіңіп, өмір бойы сонымен қалады. Бұл электронды құжат секілді. Оның артықшылығы, егер жануар жоғалып қалса сканерлеудің арқасында оны тауып алуға болады, – дейді Ерлан Зикибаев.

Ветеринария бөлімінің басшысы жоба іске қосылғалы 1600 иттің чиптелгенін айтты. Ветеринарлар күніне 20-ға жуық үйді аралап 40 шақты құйрықтыларға чип енгізеді. Жұмыс оңай емес екен, Байқоңыр ауданындағы жекеменшік секторларды аралап жүрген кезде итті көбіне үйді қорғау үшін ұстайтынын көрдік.

Следующая →