Франция: АҚШ-пен сауда соғысып басталып кетті
Францияның қаржы министрі Брюно Ле Мэр қос елдің арасында экономикалық қарама-қайшылық басталғанын мәлімдеді
Министр мұндай қарама-қайшылық әлемдік экономикаға ауыр зардабын тигізетінін айтты.
- Біздің шағын және орта кәсіпкерлердің америкалық ірі компаниялар Google, Amazone, Facebook-пен салыстырғанда көп салық төлеуі ақылға қонбайды. Әділдік қажет, - деді француз министрі америкалық әріптестеріне. - АҚШ-тан ақылға қонымды сауда-саттық ережелерін ұстанғанын өтінеміз, - дейді Ле Мэр.
Министрдің сөзінше, АҚШ баж салығын төмендетсе ғана, мәселе шешіледі.