Ер адам өз әжесін тонаған
Бойкүйез немере әжесінің сақтаулы алтындарының барлығын тонап кеткен
Алтындардың қолды болғанын зейнеткер немересі үйіне келіп кеткеннен соң біраз уақыттан кейін анықтаған. Жоғалған алтын құны 270 мың теңге.
Баланың қылығы да ерсі көрінген, тіпті, түскі асқа қарамай шұғыл кетіп қалғанынан күдіктенген әжесі дереу полиция қызметін шақыртқан.
Тергеу нәтижесінде анықталғандай, немересі бұл жымысқы әрекетін көптен жоспарлап жүрген көрінеді.
Сот отырысы барысында зейнеткердің қызы бауырын жақтаған. Соттан жігітті заң жүзінде жазалауын, алайда бас бостандығынан айырмауды өтінген.
Өскемен қалалық №2 соты жігітті бір жарым жылға бас бостандығынан айыру және шығынды бір айдың ішінде өтеу туралы шешім шығарды. Қайырымсыз немере ешқайда жұмыс істемейтін болып шықты.