Израиль ресми түрде еврей мемлекеті болып құрылды
Израиль парламенті елдің ұлттық құрамы жайлы заң қабылдап, Израильді "еврей халқының ұлттық мемлекеті" деп атады
Бұл заң енді Израиль мемлекетінің Басты Заңдарының бірі болмақ әрі Конституцияға енгізілмек.
Заңда Израиль елінің мұрагері еврей халқы екендігін айтылады әрі Иерусалим елдің астанасы болып бекітілсе, мемлекеттік тілі болып иврит тілі бекітілді. Бұрында елдің ресми тілі иврит тілі мен араб тілі қатар қолданылған еді, енді араб тілі мемлекеттік тіл емес.
Сонымен қатар, елдің мемлекеттік діні болып сионизм бекітіліп, өзге еврей халқының ұлттық мерекелерінің тізімі де бекітілді.
Алайда бұл заң Израильде біршама наразылық тудыруда. Мұны наразылық білдірушілер ұлтшылдық, демократияға қайшы деп бағалауда.