Бір апта болды әкесін іздеуде
Өскеменде 40 жастағы ер адам жоғалып кетті, оның қайда кеткені белгісіз
Сергей Мельников Гагарин бульварында анасымен бірге тұрады. 11 шілде күні ол үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған
- Телефондары өшіп жатқандықтан, байланыса алмай отырмыз, - дейді із-түссіз кеткен азаматтың қызы Александра Мельникова. – Әкемнің жақын досы оның танысынан қарыз ақша алғанын айтты.
Бойжеткеннің сөзіне сүйенсек, қара немесе көкшіл сұр түсті барқыт шалбар киіп кетсе керек. Бойы 180 см.
Александра әкесі қала сыртына шығып кетті деп алаңдаулы. Сондықтан әкесінің қайда жүргенінен хабардар жандар болса, 8747678 02 73 нөміріне хабарласуды өтінеді.