Түркия төтенше жағдай режімін алып тастады
2016 жылғы әскери төңкерістен кейін елде төтенше жағдай орнаған болатын
Ал ел президенті Тайып Ердоған 2018 жылдың шілде айынан бастап төтенше жағдай режімін алып тастау туралы шешім шығарып отыр.
Әскери төңкеріс елде 2016 жылдың 15-нен 16-ы шілдесін қараған түні болған. Анкараның әскерилері бүлікшілік шығарып, 250 адам қаза тауып, 2 мыңнан астам адам жарақат алған.
Ал Түркия билігі әскери төңкерісті бастаған АҚШ-та тұрып жатқан қоғам қайраткері Фетхуллах Гүлен болды деп отыр.