Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Ірі көлемде пара алған Ақмола облысының судьясы ұсталды

Ақмола облысында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы 1,6 млн теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен ұсталды

Бұл ақпаратты мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

- Біз бұл ақпаратты растаймыз. Қазіргі таңда судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Оған 1,6 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген айып тағылып отыр, — деп мәлімдеді агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахин Астанада өткен брифингте.

Ол бұған дейін 35 мың доллар туралы әңгіме болғанын атап өтті. Оның 30 мың долларын өткен жылдың ақпанында бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны белгілегені үшін алған.

Агенттіктің мәліметінше, 2017 жылы парақорлық фактісі бойынша екі судья жауапқа тартылды. Осы жылдың алты айы ішінде төрт судьяға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Следующая →