Пашинян Арменияның премьері болуы мүмкін
Оған үш саясаи күштің өкілдері дауыс беруге дайын. Алайда бұл оның премьер-министр болып сайлануына толық жетпейді
"Елк" фракциясы Арменияның премьер-министрі постына Никола Пашинянды ұсынды. Пашинянның үміткерлігін "Царукян" фракциясы мен "Дашнакцутюн" партия қолдап отыр.
Сайлау 1 мамыр күні өтеді. Пашинян премьер болып сайлану үшін 53 депутат дауыс беруі керек. Ал әзіршен оны 47 депутат қолдап отыр.
Ереван мен Арманияның өзге де қалаларында 13 сәуірден бастап жаппай митинг болып, Серж Саргсянды премьер-министр тағынан тайдырған болатын.