Өскемен
пасмурно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +26°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +25°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +26°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +30°
$
520.93
+2.59
609.07
+1.16
¥
72.68
+0.44
6.68
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Екі жасар балаға ота жасау үшін қаржы қажет

Өскеменнің кішкентай тұрғыны Төреханды дәрігерлер құрсақтан шығарда әрең аман алып қалған. Ал ата-анасы болса, оны дерттен айықтырғысы келеді

Төрехан Асқарұлы дүниеге келе салысымен жан сақтау бөліміне түскен. Үш жасында-ақ церебералды паралич дертіне шалдыққан баланың қазір басы ауырып, көзі қарауытады.

Сәби ауыр кеселге жолықса да, ата-анасы үмітін үзбей отыр.

- Бұлшық етіне массаж жасау арқылы баланың денсаулығын біршама болсын, жақсарта алдық. Ал енді біз баламызды бұл дерттен мүлдем айықтырғымыз келеді, - дейді Төреханның әжесі Нұрила Көшербаева.

Қазақстанның, Ресейдің, өзге де шетелдің клиникаларды бұл ауруды емдеуден бас тартқан. Қатерлі дертке балайды. Ата-анасы күдерін үзбей жердің түкпір-түкпірінен маман мен медициналық мекеме іздеумен болған. Міне, енді Үндістанның клиникасынан шақыру алып отыр.

- Мұнда біздің Төрехан сынды сырқат балалардың аурудан айығуына көмектеседі. Ол үшін ота жасап, емделу қажет, - дейді Нұрила Нұрмұхамедқызы.

Алайда жанұяның қолында ота жасатуға қажетті қаражат жоқ. Оған 24 мың доллардай қаржы керек. Қазір 1 мың доллардай қаржы жиналған. Ата-ана мұндай соманы жинай алса, баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндігі пайда болады.

Қаражатты аударуға болады:

Халық банк картасы: 4390 8782 1728 3281

Есепшот нөмірі: kz326010002009289469

KAZKOM карта нөмірі: 4003 0327 3215 1719

Есепшот нөмірі: kz19926016PNO03457478

KaspiGold: 5169 4931 6084 1410

ИИН 631118402543

QIWI әмиян: 8-771-333-00-88

Көшербаева Нұрила Нұрмұхамедқызы

Байланыс телефондары: 8-771-333-00-88, 8-775-177-46-33.
Следующая →