Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +26°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +26°
$
513.74
-2.27
569.17
-13.30
¥
71.26
-0.04
6.33
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Еревандағы ереуілшілер көлік қозғалысын тоқтатты

Арменияның экс-президенті Серж Саргсянды премьер-министр етіп тағайындау туралы шешімге қарсы халық дүйсенбі күні Еревандағы басты автожолдарды жауып тастады

Өткен жексенбіде Армения парламентінің депутаты, "Елк" оппозициялық фракциясының жетекшісі Никол Пашинян Ереван тұрғындарын «жаппай азаматтық бағынбаушылық акциясына» шығып, көшелерді жаулап алып, көпірлердегі көлік қозғалысын бөгеуге үндеген.

Қазір қаланың шет аудандарын орталықпен байланыстыратын автожолдар жабық. Көлік иелері көшеде көліктерін қалдырып, апаттық дабылдарын қосып кеткен. Азаматтар тас жолға жатып алып, көліктерді өткізбеуде. 

Полиция қызметі  Баграмян даңғылындағы Армения парламентінің ғимаратына кірер есіктерді бұғаттады.

- Біздің мақсат – парламент ғимаратына кіру, - деп мәлімдеді өз жақтастарына Пашинян.

Следующая →