ЕО-да әлеуметтік желілерді қолдану туралы кодекс әзірленбек
Мұндай ұсынысты Еурокомиссияның жалған жаңалықтармен және ақпараттармен күрес тобы енгізді
Жалған таратылған жаңалықтардан келтірілген шығынды азайту мақсатында Еурокомиссия тәуелсіз сарапшылардан құралған топ ұйымдастырды.
Жалған жаңалықтармен және ақпараттармен күрес мақсатында тәуелсіз сарапшылардан құралған топ әлеуметтік желілерді қолдану туралы кодекс әзірлеуді ұсынды.
Жұмыс тобының ұсынысы Еврокомиссия дайындап жатқан жалған жаңалықтармен және ақпараттармен күрес құжатына енгізіледі.