Риддерлік аңшы көшкін астында мерт болды
Ер адамның денесі бір күннен кейін табылды
Қайғылы оқиға 8 наурыз күні орын алған. Таңертең 60 жастағы ер адам тауға қара бет алған. Қайтыс болған ер азаматтың таныстарының айтуынша, ол аңшы болған және сол күні ол қақпандарды тексеруге аттанған. Кешке таман ол үйіне қайтпаған соң, оның туғандары полицияға арыз жазған.
Кейін іздестіру жұмыстары басталған. Өскемен құтқарушылар арнайы үйретілген иттермен және жабдықтармен жолға шығады. Алайда іздестіру жұмыстарына дейін туған-туыстары ер азаматтың денесін анықтаған. Олар өз күштерімен қарға арналған көліктерде іздеу жұмыстарын жүргізген.
- Ол өшкін астында қалған. Таудан шамамен 60 шаршы метр қар көшкен, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр. - Біз алдын ала қар көшкінінің болуы жайлы ақпарат таратқан болатынбыз және тауға шықпау жайлы хабарлағанбыз.