2 наурызға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады
Венесуэлада ең төменгі жалақы мөлшері өсті
Венесуэла президенті Николас Мадуро ең төменгі жалақы көлемінің 58 пайызға өскені туралы жариялады, деп хабарлайды Корреспондент.net
Енді оның құны 392,6 мың боливарды құрайды. Бірақ жалпы азық-түлік кәрзеңкесіндегі негізгі тауарларды сатып алу құны 1,3 миллион боливарды құрайды.
Соңғы рет ең төменгі жалақы мөлшері қаңтар айында көтерілген болатын. Мұның барлығы шоқырақтап шауып бара жатқан инфляция мен тауар тапшылығының аясында жүргізілуде.
Мұнымен қоса "қара нарық" курсымен есептегенде (АҚШ-тың бір доллары 213 мың боливар) ең төменгі жалақы көлемі 6 доллардан әрең асады.
Ирандағы футбол жарысында 300-ден астам адам зардап шекті
Бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды РОСБАЛТ. Олардың қандай себептермен жарақат алғандары қазір белгісіз.
Бейсенбі күні өткен дерби жергілікті "Персеполис" және "Эстеглял" командаларының 86-шы ойыны болды. Ойын "Эстеглял" командасының 1:0 жеңісімен аяқталды.
Жарысты бүкіл Тегеран тұрғындары бақылады. Олар ойындарды дүкендерден, кафелерден, мейрамханалардан бақыласа, 78 мың адамды сыйғызатын "Азади" стадионы ойын басталғанға бір сағат қалғанда лық толған. Мұнымен қоса жарысты тамашалауға Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантино да келген.
КХДР Сириядағы химилық қаруға қатысы барын жоққа шығарып отыр
КХЖР билігі Сирияға химиялық қару жасауға қажетті заттар тасымалдағаны туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды life.ru.
- Біздің еліміздің химиялық қару жасауға, өндіруге және сақтауға қарсы екенін осыған дейін бірнеше рет айттық, - дейді Солтүстіккореялық СІМ жанындағы АҚШ ісі бойынша институт баспасөз хатшысы.
Бұған дейні The New York Times газеті КХДР елінің Сирияға химиялық қару жасауға арналған қышқылға төзімді тақташалар мен термометрі бар клапандарды тасымалдағаны туралы ақпарат таратты. Басылымның айтуынша, бұл бөлшектер Сирияға 2012 жылдан 2017 жылға дейін тасымалданған.
АҚШ Ресейді халықаралық келісімдерді бұзды деп айыптады
- АҚШ бұрыннан бері білім келген нәрсені президент Путин мойындады. Ал Ресей халықаралық міндеттемелерді тікелей бұза отырып 10 жыл қатарынан қаруларды істен шығаратын жүйелерді жасап келді, - Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Хезер Науэрт.
Дәл осындай мәлімдемені Ақ үй атынан АҚШ президентінің баспасөз қызметкері Сара Сондерс де айтқан болатын.
Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Экономический кризис в Венесуэле Президент Венесуэлы Николас Мадуро ЧП в Иране Ситуация на корейском полуострове Военные действия в Сирии Международные отношения