Өскеменде мамандар азық-түлікті таңдау жолдарын үйретті
Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті тұрғындарға "Горизонт" гастрономында азық-түлік таңдау жолдарын үйретті
Сүт тағамдарын, шұжықты қалай таңдау керек, мерзімі мен сақтау уақытына мән қалай мән беру керек? Етті тоңазытқышта қалай сақтаған дұрыс? Бұл жайында қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің мамандары мен дәрігерлер айтып бермек.
Мұндай шара жыл сайын өтеді. Мәселен, былтыр қала тұрғындарымен 11 кездесу өткен.
- Науқан азық-түлік қауіптілігін не қауіпсіздігін тексеру мақсатында өтпек. Қала тұрғындары азық-түліктерді дұрыс таңдай алуы қажет, - дейді Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің бөлім басшысы Алена Кравченко.
Айта кету керек, былтыр облыста тамақтан уланғандар болған жоқ.