Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

26 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Рогозин Ресейге қарсы санкцияның мәңгі қалатынын айтады

Вице-премьер Дмитрий Рогозин Батыстың Ресейге қарсы шектеу шаралары мәңгі сақталады деген пікірде, деп хабарлайды РИА Новости сайты.

- Санкциялар – біздің күшейгенімізді көрген ата жауымыздың жауабы. Енді біз әлсірегенде ғана санкция алынады, - дейді ол.

Вице-премьердің айтуынша, Ресей үшін санкциялар ұлттық мінезді танытудың тамаша мүмкіндігі болмақ.

Бұл санкциялар әскерді қайта қаруландыруға кедергі болмай ма деген сұраққа Рогозин "қиындық" бар, бірақ шаралар қабылданды деп жауап берді.

 

Ұлыбританияда жарылыс болды

Ағылшындық Лестерде ТЖ барысында алты адам зардап шексе, екеуі ауыр халде жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

- Лестер ауруханалары оқиға орнынан алты адамның жеткізілгенін растай алады. Екі адам ауыр халде жатыр. Төртеуінің жарасы жеңіл, - деп хабарлайды үш қалалық аурухана өкілдері.

Жуықта БАҚ өкілдерде Лестерде жарылыс болып, арты өртке ұласқанын хабарлады. Медицина қызметкерлері ол кезде ауыр халдегі адамдардың төртеу екенін айтты.

Қала полициясы Twitter арқылы "ірі оқиға" орын алды деп, оның мән-жайын ашып айтпаған. Тек оқиға орнына алты өртсөндіруші көлік жетекені белгілі. Британ полициясы болса, Лестерде теракт болды деуге ешқандай негіз жоқ екенін айтады.

 

Папуа-Жаңа Гвинеяда екі жер сілкінісі қатар өтті

Жаңа Гвинея аралында екі күшті жер асты дүмпулері тіркелді, деп хабарлайды Ресей Ғылым академиясы бірыңғай геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалы.

Жедел өңдеу жұмыстарының нәтижесінде 6,3 және 6,1 магнитудалы сейсможағдай 26 ақпан күні Астана уақыты бойынша 00:11 және 00:27 шамасында болғаны анықталды.

Жер сілкінісінің ошақтары Лаэ қаласының батысына қарай 327 шақырымда және Джаяпура (Индонезия) қаласының оңтүстік-шығысынан 356 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісіне байланысты газ мұнай компанияларының жұмыстары тоқтап қалған.

 

NOKIA "Матрица" фильмімен жарнамаланған телефондарды қайта шығарады

Танымал "банан" 2018 жылдың мамырында сатылымға қара және ашық сары түсте шығады.

NOKIA брендінің иесі болып табылатын HMD Global компаниясы Барселонадағы көрмеде Nokia 8110 телефонының жаңартылған нұсқасын таныстырды. Компания өкілдері "Матрица" фильмімен танымал слайдерді ұсынды.

Өндірушінің айтуынша, қуаты толық телефон 25 күн қатарынан үздіксіз жұмыс істейді. 2,4 дюймді дисплейінің ажыратылымдылығы 320х240 құрап, екі мегапиксельді камера орнатылады. Мұнымен қоса, 4G қолдайтын болады.

Модельдің құны 80 еуроны (30 мың теңге) құрайды.

Следующая →