23 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
АҚШ Мемлекеттік департаменті: Ресей Сирия бойынша келісімді орындамай келеді
Американың сыртқы саясат мекемесі 2011 жылдан бері жалғасып келе жатқан сириялық қарулы қақтығысты тоқтатуға Мәскеудің ниеті барына күдікпен қарайды, деп хабарлайды Корреспондент.net.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Хезер Науэрт 22 ақпан күні өткен брифинг барысында АҚШ қол жеткізген келісімдерді Ресей орындамай отыр деп мәлімдеді.
- Олардың әрекеттерін бағалай отырып, Сириядағы қайшылықтың аяқталуынақалап отыр деп айта алмаймын, - дейді Хезер Науэрт.
Департамент өкілі брифинг барысында 2017 жылдың қараша айындағы екі елдің президенті айтқан сөздерді еске салды.
- Ресейліктер өз мойнына алған міндеттемелерді орындамай отыр, - дейді Науэрт.
Словакияда автокөлік бір топ баланы қағып өтті
Словакияның солтүстік шығысындағы Попрады қаласына жақын маңда ЖКО орын алып, 12 бала зардап шекті, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
Жергілікті полиция өкілі Даниэл Джобаниктің айтуынша, Кежмарок қаласынан шыққан жүргізуші жеңіл автокөлігімен 5-тен 12 жас аралығындағы балалар тобына соғылған.
Апатқа кінәлі адам ешқандай қастандық ойламаған. Ішімдік ішпеген.
- Оқиға барысында жүргізуші ешқандай жарақат алған жоқ. Қанынан алкоголь анықталмады. Оның көлігі бұрылыс барысында аударылып, жақын маңда жүрген цыған балаларының тобына барып соғылды, - дейді Джобаник.
Зардап шеккен балалардың барлығы көлікпен және тікұшақпен Попрад аудандық ауруханасына жеткізілді. Екі баланың халі ауыр, төрт бала орта деңгейдегі жарақаттар алған.
Нидерланд парламенті армяндар геноцидін мойындады
Мұндай шешімді елдегі Түркия диаспорасының мүддесін ұсынатын "Денк" партиясынан өзге барлық саяси күш қолдады, деп хабарлайды life.ru.
Нидерланд парламентінің төменгі палатасы 1915 жылғы армяндар геноцидін мойындайтын ұсынысты қабыл алды. Мұның заңнамалық органның сайтында жүргізілген тікелей көрсетілімнен көруге болады.
Мамандар мұндай әрекеттердің Гаага мен Анкара арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіретінін мойындап отыр. 2017 жылғы дипломатиялық шатақтан соң бұл отқа май құйғанмен бірдей болмақ.
Жириновский сайлауалды компаниясына 200 млн рубльден астам қаражат жұмсады
Сайлау қорына 1,3 млрд алған Ресей президенттігіне үміткерлер 20 ақпанға дейін сайлауалды компаниясына 781,5 млн рубль жұмсап үлгерді, деп хабарлайды МИР 24.
Ең көп қаржы жұмсаған үміткер ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский. Ол 394 млн-ның 209 млн-ын жұмсаған. Екінші орында 407 млн рубль қоры болған мемлекет басшысы Владимир Путин 196 млн рубль жұмсаған.
Үшінші орында КПРФ атынан сайланып отырған кәсіпкер Павел Грудинин келеді. Жинаған ақшасы 170 млн рубль болса да, оның 150 млн-ын пайдаланған.
Соңғы алты жылда үміткерлер арасынан табысымен ерекшеленген Ксения Собчак 139 млн рубльдің тек 92 млн-ын жұмсады. Ал "Ресей Коммунистерінің" өкілі Максим Сурайкин небары 1,5 млн рубль жұмсаған.
Ресейдік жалпыхалықтық одағы өкілі Сергей Бабурин де не бары 6,6 млн рубль жұмсады.
Ресей президентін сайлау 18 наурыз күні өтеді.
Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Военные действия в Сирии Государственный департамент США ДТП в Словакии Признание геноцида армян Парламент Нидерландов Владимир Жириновский Выборы президента России 2018