Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

21 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

КХДР шенеуніктері АҚШ вице-президентімен кездесуден бас тартты

Пхенчхандағы Олимпиадаға барға АҚШ вице-президенті Майкл Пенс Солтүстік Корея өкілдерімен кездесуі керек болған. Алайда КХДР билігі соңғы сәтте келіссөзден бас тартты, деп хабарлайды Корреспондент.net.

Пенстің өкілі Ние Эйерс солтүстіккореялық биліктің «кездесуден қашқанын, не болмаса, келіссөз үстеліне мүлдем отырғылары келмегенін» айтты.

Пенс осыған дейін Солтүстік Кореяны адам құқығын бұзды деп айыптап, жаңа экономикалық санкциялар жариялайтынын мәлімдеген. Эйерстің айтуынша, бұл жайттар КХДР-мен кездесудің болмай қалғанына себеп болуы мүмкін.

АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хизер Нойерт 20 ақпан күні Солтүстік Корея шенеуніктерімен кездесудің орын алмай қалғанына АҚШ-тың өкініш білдіретінін айтқан.

- Соңғы сәтте КХДР Ресми өкілдері кездесуден бас тартты. Олардың бұл мүмкіндікті пайдалана алмағанына өкініш білдіреміз, - деді Нойерт.

 

Николас Мадуро «петро» криптовалютасының шу туғызғанын мәлімдеді

Венесуэла президентінің айтуынша, венесуэлалық петро криптовалютасының алдын ала сатылым көлемі 735 миллион долларға жеткен, деп хабарлайды life.ru.

- 4,77 миллард юаньға петро сатып алатын ниет білдіре аламыз. Еуромен есептесек 596 миллион, ал доллармен бұл 735 миллионды құрады, - дейді Мадуро әлеуметтік желідегі жарияланымында.

20 ақпаннан бастап Венесуэла петроны пайдалана бастады. Бұл мұнай қоры мен өзге де пайдалы қазбалар қорының негізінде құрылған алғашқы криптовалютасы бар мемлекет.

 

Жаңа Зеландияда дауыл тұрды

Оңтүстік аралдарының солтүстігі мен Солтүстік аралардының оңтүстігіндегі ондаған мың адам бәрінен қатты зардап шекті.

РОССБАЛТ хабарлағандай, бір тәулік ішінде құтқару қызметіне көмек сұрап хабарласқандардың саны 1300-ге жеткен. Адамдар үйдің су басуына, шатырға құлаған ағаштарға, электрберу желісінің бағаналары құлағанына және жарықтың жоқтығына шағымданған. Соңғы деректер бойынша, қатты зардап шеккендер жоқ.

 

Ақ үй Ресейге қатаң қарауға уәде берді

АҚШ басшысының баспасөз қызметкері Сара Сандерс Ақ үйде өткен брифинг барысында Американың Ресейге қатысты қатаң саясатын жалғастыратынын айтты.

- АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қатал қарап келді. Біз мұны жалғастыра бермекпіз, - деді Сандерс.

Ол американдық жетекшінің Ресейге жұмсақ қарағаны туралы журналистердің пікірімен келіспеді. Оның айтуынша, Трамп "РФ-на қысым көрсетуде әлсіздік танытқан" алдыңғы президенттен әлдеқайда қатал.

- Өзінің бірінші жылында Трамп президент Обаманың сегіз жылынан да артық қаталдық танытты. Ол санкциялар енгізіп, АҚШ-тағы үш ресейлік дипломатиялық нысанды жапты. Әскерімізді күшейтті, - дейді Сандерс.

 

РФ биатлонистері Родченковты сотқа берді

Ресей биатлонистері Ольга Зайцева, Ольга Вилухина және Яна Романова мәскеулік антидопинг зертханасының бұрынғы басшысы Григорий Родченковты сотқа берді.

Ресейліктердің мүддесін адвокат Скотт Балбер қорғайды. Нью-Йорк штатының Жоғарғы сотында қаралатын істің нақты мерзімі бекітілмеді.

- Бұл қадам жауапкердің спортшыларға қатысты жүйелі өсек-аяң таратқаны үшін істеліп отыр. Бұл спортшыларға шығын әкеліп, мансаптарынан тайдырды. Қаржылық, кәсіби және абыройлық кесел тигізді, - дейді қуыным арызында.

Естеріңізге саламыз, 2017 жылдың 27 қарашасында Халықаралық олимпиада комитеті Вилухина мен Романованы өмір бойына мамандығынан айырып, олардың 2014 жылғы ойын қорытындыларын жоққа шығарған. Ал 1 желтоқсан күні ХОК Зайцеваны да мансабынан айырды.
Следующая →