18 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Венесуэла президенті Трамппен кездескісі келеді
Венесуэла жетекшісі Николас Мадуро американдық президент Дональд Трампқа диалогты бастап, келіссөз уақыты мен орнын таңдауды ұсынды, деп хабарлайды Корреспондент.net.
- Дональд Трамп өзге елдердің ішкі істерін қол сұқпауды сұраған болатын. Енді араздықтың орнына диалогқа келіп, көзделген мақсатты орындайтын уақыт келді. Диалог Каракаста ма, әлде Вашингтонда ма? Уақыты мен орны айтылса, сол жерде боламын, - дейді Мадуро Twitter-ден.
Швейцария Ресейге қарсы санкцияға қосылмайды
Швейцарияның сауда келісімі бойынша үкімет өкілі, Экономика бойынша SECO мемлекеттік секретариаты басқармасының мүшесі Ливия Лой Ресейге қатысты өз елінің санкциялық саясаты туралы айтып берді, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
RTS телекомпаниясына берген сұхбатында ол Швейцарияның автономды санкция саясатын ұстанып, ЕО енгізіп отырған барлық шектеулерге жүгінбейтінін айтты.
- Федералды кеңес (Швейцария үкіметі) Еуроодақ санкцияларын бірегеу қабылдамай, оның Швейцария төңірегінен айналып өтетін нұсқасын қабылдайды, - дейді ол.
Оның айтуынша, санкциялар екі жаққа да шығында. Яғни, ЕО Ресейден кем қиналмайды.
Швейцария әр тараптың мұддесін таразылап отырады, дейді Лой.
Флоридалық мектеп атқышы жыл көлемінде бір арсенал жинап үлгерген
Американдық полиция Николас Круздың қарулары жасырылған орынды анықтауда, деп хабарлайды life.ru.
CNN телеарнасы хабарлағандай, қанішердің арсеналына 10 шақты ұзын ұңғылы қару кіреді.
Аталғандай Круз қару жарақтарын үйінде ұстамайды. Мұнымен қоса, қылмыскер жартылай автоматты AR-15 мылтығын заңды түрде сатып алған. Мұндай қаруларды құқыққорғау органдары пайдаланады. 19 жастағы қаскүнем дәлі осы қарумен оқушыларға оқ жаудырған болатын.
Кейін анықталғандай, Круздың адвокаттары қылмыскердің кінәсін мойындағысы келетінін айтқан. Кінәсін мойындау үшін қылмыскер соттан жоғарғы жаза түрін (өлім жазасы) қолданбауды сұрады.
Естеріңізге саламыз, 14 ақпан күні 19 жастағы жігіт американдық Флорида штатындағы «Марджори Стоунмэн Дуглас» мектебінде атыс ұйымдастырған. 17 адам құрбан болып, 14-і жарақат алған.